«Бавария» алтын дубль жасай ма? Германия кубогының финалы «Бавария» — «Штутгарт» матчының тікелей эфирі

«Бавария» алтын дубль жасай ма? Германия кубогының финалы «Бавария» — «Штутгарт» матчының тікелей эфирі

23 мамыр күні Германия кубогының финалы өтеді. Онда былтырғы трофей иегері «Штутгарт» қазіргі Германия чемпионы «Баварияға» қарсы ойнайды.

Өткен жылы «швабтар» Екінші Бундеслигада өнер көрсететін қарапайым «Арминияны» 4:2 есебімен жеңген еді. Ал биыл олардың қарсы алдында — осы маусымда бірнеше тур бұрын-ақ Бундеслиганы айқын басымдықпен жеңіп алған айбынды «Бавария».

Енді Венсан Компани шәкірттері «алтын дубль» жасауға жақын тұр.

Матч 23:00–де басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі