Давид пен Голиаф шайқасы. «Қайрат» — «Қайсар» U16 матчының тікелей эфирі
QJ League U16 командалары арасында «Қайрат» ұпай жоғалтқан жалғыз ұжым.
Алматылықтарды тек «Ақтөбе» құрамасының жасөспірімдері тоқтатып, 1:1 есебімен тең түскен еді.
Енді Денис Леденев шәкірттері алға озып кеткен «Шахтер» ойыншыларын қуып жетуге тырысуда.
«Қайраттың» жолындағы келесі қарсылас — турнир кестесінің соңғы сатысында тұрған «Қайсар».
Матч 16:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.