logo

Қазақстан құрамасы Аустрияда ірі есеппен жеңіліс тапты

Қазақстан құрамасы Аустрияда ірі есеппен жеңіліс тапты

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасы аясында өткен Аустриямен ойында 4:0 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жауапсыз төрт голды Игорь Шацкийдің қақпасына Кристоф Баумгартнер, Филипп Линхарт, Марсель Забитцер және Маттиас Зайдль соқты.

Станислав Черчесовтың командасы келесі ойынды өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.