logo

Қазақстан жастар құрамасы үш гол соға тұра Испанияға жол берді

Қазақстан жастар құрамасы үш гол соға тұра Испанияға жол берді

Қазақстан жастар құрамасы Испаниядағы Кадис қаласында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу ойынында нағыз триллер ұйымдастырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын Испанияның 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Галымжан Кенжебек дубль жасаса, Даниил Анкудинов тағы бір гол соқты.

Денис Мамоновтың командасы келесі ойынды 15 қазан күні Алматыда Шотландияға қарсы өткізеді. Бұл кездесу іріктеуде Қазақстан үшін соңғы болмақ.