Қазақстан мен Армения тең тарқасты
Жолдастық кездесу аясында Армения мен Қазақстан ұлттық құрамалары Ереванда тең ойнады, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 6 маусым күні Еревандағы «Республикалық» стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда есепті Қазақстан құрамасы ашты — 50-минутта Максим Самородов мергендік танытты. Алайда араға үш минут салып Эдуард Сперцян таразы басын теңестірді.
Осылайша, қос құрама жолдастық кездесуді тең нәтижемен аяқтады.