Ислам Чесноков Ресей клубына ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен шотландиялық «Хартс» клубының футболшысы Ислам Чесноков мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+ «КБ Телега | Никитин» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, шотландиялық «Хартс» Ислам Чесноковты жіберуге дайын. Алайда футболшының өзі әзірге Ресей Премьер-лигасына ауысуға ниетті емес.
Сондай-ақ Чесноковқа қазақстандық «Тобыл» мен «Ордабасы» клубтарынан ұсыныстар түскені хабарланды.
Айта кетейік, Ислам Чесноков Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады және соңғы жылдары өзінің нәтижелі ойынымен көзге түсіп келеді.