logo

Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті

Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті

Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян  қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рафаэль Гарибян Қазақстан футбол лигасы президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалды. Оның басшылығымен бірқатар жоба жүзеге асты.

Атап айтқанда, олардың қатарында Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты.

Бұл қызметті қазақстандық белгілі маман Ғани Қайназаров атқаратын болды.