Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі футболға оралды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Хижниченко кәсіпқой мансабын өскемендік «Алтай» құрамында жалғастырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
32 жастағы шабуылшы 2022 жылдың 1 шілдесінде «Ақсу» футбол клубымен келісімшарт мерзімі аяқталғаннан бері еркін агент болып табылады.
Қазақстандық ойыншы «Алтаймен» осы жылдың 27 наурызында келісімшартқа отырды. Айта кетейік, команда бірінші Қазақстан футбол лигасында өнер көрсетеді.
Сергей Хижниченко ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмергендер бестігіне кіреді. Ол команда құрамында 52 кездесуде 8 гол соқты. Ал матч саны бойынша Қазақстан 8-орында тұр.