logo

Чемпиондар лигасында бүгін «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» ойнайды

Чемпиондар лигасында бүгін «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» ойнайды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екі команда бұған дейін алты мәрте кездесті.

Оның біреуінде «Боруссия Дортмунд» басым түсіп, үшеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында «Пари Сен-Жермен» командасының мерейі үстем болды.

«Боруссия Дортмунд» командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ.