Қайрат Нұрдәулетов қандай бапкерлерді үлгі тұтатыны туралы айтты
«Жетісу» футбол клубының жаңа бапкері Қайрат Нұрдәулетов Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұхбатында әлемдік футболда қандай бапкерлердің ойын стилінен үлгі алатыны туралы айтты.
- Кезінде «Наполиді» жаттықтырған Маурисио Сарридің және «Аталантаны» баптайтын Джан Пьеро Гасперинидің стильдері маған ұнайды. Әсіресе, олардың ойын жүйесінде летеральдарды пайдалану, сол латеральдарға қай позициядағы ойыншылар көмектесе алатындығы. Латеральдармен шабуылдағанда қандай схемаларды пайдалану керектігі, латераль рөлінде ойнайтын футболшыларда қандай қасиеттер болуы тиіс екендігі сол командалардың ойынын көру арқылы түсіндім. Аталмыш бапкерлердің ойын стилінен біраз дүниелерді өзіме алдым. Қазіргі таңда әр түрлі схемаларды пайдалануға болады, бірақ кезінде осы Сарри мен Гасперинидің ойын стильдері бәріне үлгі болды, - деді Қайрат Жұмабекұлы.
Нағыз итальяндық стильдегі футболды Sport+ Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Италия Кубогы аясында кеше «Милан» «Кальяридан» 4:1 есебімен басым түсті.
Бүгін елорда уақытымен сағат 23:00-де «Аталанта» - «Сассуоло» кездесуінің тікелей эфирі көрсетіледі. 3-қаңтардан 4-іне қараған түні сағат 02:00-де «Рома» - «Кремонезе», ал 4-қаңтардан 5-іне қараған түні сағат 02:00-де «Ювентус» - «Салернитана» ойындарының тікелей эфирлерін тамашалауға болады.