logo

Қазақстан атынан өнер көрсететін Александр Шевченко ТОП-50-ден шығып қалды

Қазақстан атынан өнер көрсететін Александр Шевченко ТОП-50-ден шығып қалды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекелей сында бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.

Испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші, Аустралия ашық чемпионатында алғаш рет чемпион атанған италиялық Янник Синнер төртінші орында қалды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-сатыда қалса, өткен аптада Қазақстан атынан өнер көресетінін мәлімдеген бұрынғы ресейлік Александр Шевченко 48-ден 59-ға төмендеп, ТОП-50-ден шығып қалды.

Денис Евсеев 184-тен 176-ға, Бейбіт Жұқаев 193-тен 189-ға көтерілді.

Осы аптада Александр Бублик Монпелье (Франция) турнирінде бақ сынайды. Ол жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген.

Жұптық сында Александр Недовесов 44-тен 48-ге, Андрей Голубев 62-ден 64-ке төмендеді.

Мұнда үндістандық Рохан Бапанна көш басына шықса, аустралиялық Мэттью Эбден америкалық Остин Крайчекті үшінші сатыға ығыстырды.

 



Күн шежіресі