Australian Open: Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында ширек финалға шықты
Қазақстандық 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова жұптық сында жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге жапониялықтар Хаю Киносита – Вакана Сонобемен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-белоруссиялық дуэт алдан көрінді – 6:4.
Екіншісінде жапониялық жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте Арыстанбекова – Перепихина жеңісті жұлып алды – 10:7.
Асылжан Арыстанбекова – Юлия Перепихина жартылай финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, ұлыбританиялықтар Ханна Клагмен – Мингге Сюймен таласады.
Тағы бір қазақстандық Әмір Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымда тартысты матчта америкалықтар Кайлан Бигун – Яггер Личқа жол берді – 4:6, 6:1, 3:10.