logo

Бублик ATP рейтингінің ТОП 30-на енді

Бублик ATP рейтингінің ТОП 30-на енді

Қазақстандық Александр Бублик маусымды сәтті бастаудың арқасында ATP рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еліміздің бірінші ракеткасы 31-орыннан 27-орынға көтерілді. Бубликтің мансабындағы ең жақсы нәтижесі – ол 2023 жылдың шілде айының соңында алған рейтингтегі 25-орын.

Сондай-ақ, рейтингте 59 сатыға көтерілген Дмитрий Попконың алға жылжуын атап өту керек.

Қазақстаннан ATP рейтингіндегі үздіктер:

1. Александр Бублик 27

2. Денис Евсеев 184

3. Бейбут Жукаев 193



Күн шежіресі