logo

Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің финалында өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің финалында өнер көрсетті

Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

14 жасар қазақстандық Ева Қорышева бұл жарыста табысты өнер көрсетті. Ақтөбе теннис мектебінің түлегі финалда ғана корт иесі Эмили Ченге есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.

Ева Павел Цойдың қарамағында жаттығады. Өткен жылы 24 кездесудің 19-ында (83 пайыз) жеңіске жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.

Жылды Tennis Europe рейтингісінде 18-орынмен аяқтаған еді.

 



Күн шежіресі