logo

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Ресейлік клубқа ауысты

«Енисей» футбол клубы Қазақстан әйелдер құрамасының 23-жасар футболшысы Анастасия Низамутдиновамен келісімшарт жасасқаны туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Анастасия Низамутдинова – «БИИК-Шымкент» футбол клубының түлегі. Өзінің мансабында №7 ЖМБМ (Шымкент), №8 ЖМБМ (Астана) және «БИИК» ЖФК (Шымкент) клубтар сапында ойнады.

Оның соңғы клубы - Түркістан қаласының «Томирис-Тұран» командасы. Аталмыш клубта Анастасия 3 жыл өнер көрсетті. Өткен маусымда ол 6 голмен және 8 нәтижелі паспен көзге түсті, сонымен қатар Қазақстан Кубогында 1 голмен ерекшеленді.

Сондай-ақ, 23-жасар футболшы өткен жылы УЕФА Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы үшін 4 матч өткізді.

- Команданың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын! Ұжымның арқасында менің бейімделуім сәтті өтті. Клубтың жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтемін. Бізді қолдаңыз және біз сізге ойынымызбен сізге алғыс айтамыз. Сіздің қолдауыңыз жақсы ойын көрсетуге қосымша серпін бере алады!, - деді Низамутдинова клуб баспасөз қызметіне берген сұқбатында.