logo

Қазақстан 12 жылдан кейін дзюдодан тағы әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 12 жылдан кейін дзюдодан тағы әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы Олимпиада қарсаңында дзюдодан әлем чемпионатын өткізетін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады.

«Будапешттегі сапарымда Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткіздім. Бұл кездесудің нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалығымыз бар. 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос-Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, халықаралық дзюдо федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін»,- дейді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, 2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өткен. Ол кезде Елдос Сметов алтын, Рустам Ибраев күміс медаль алған болатын.