Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді
12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек. Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады.