Ақтауда дзюдодан Азия Кубогі өтеді
12-13 қазан күндері Ақтауда халықаралық дзюдодан ерлер және әйелдер арасында ашық Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне сәйкес, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзірбайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық дзюдошы қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай рейтингтік жарыс саналатын ашық Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі: 1 орын – 100 ұпай, 2 орын – 70 ұпай, 3 орын – 50 ұпай.