logo

Қараман ресми «Жеңіске» ауысты

Қараман ресми «Жеңіске» ауысты

24 жастағы жартылай қорғаушы Дінмұхаммед Қараман «Жеңіс» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

Қараман – жамбыл футболының түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2019 жылы «Тараз» командасында бастаған.

Сонымен қатар, жартылай қорғаушы «Ақсу» және «Жетісу» командаларының намысын қорғаған. 2021-2022 жылдары Қазақстан жастар құрамасына шақыртылған.