«Жеңіс» «Қайраттың» түлегін қатарына қосты
Елордалық «Жеңіс» 24 жастағы қазақстандық қақпашы Дінмұхаммед Жомартпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Дінмұхаммед – алматылық футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2018 жылы «Қайрат» командасының екінші құрамында бастады. Қазақстанның жоғары дивизионындағы алғашқы ойынын 2020 жылы өткізген. Бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Қайрат-Мәскеу» және «Тұран» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, ол бұрын Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған.