logo

«Ордабасының» жаңа маусымға арналған бюджеті белгілі болды

«Ордабасының» жаңа маусымға арналған бюджеті белгілі болды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков «Ордабасы» командасының жаңа маусымға қойған басты міндетін атап өтті, деп хабарлайды Sport+.

«Ордабасының» 2025 жылға арналған бюджеті – 3,2 млрд теңге.

«Біз нәтижеге жауаптымыз. Басты міндетіміз – чемпиондыққа таласу. Сондай-ақ жергілікті ойыншыларды тарту және жасөспірімдер спортын қолдауға қаржы қарастырылған. Тамаша нәтиже көрсетуге тырысамыз.

Басты стадион жөндеуден өтеді. 60 жылдан астам уақыт пайдаланылған ескі жабын табиғи газонмен ауыстырылып, автоматтандырылған суару жүйесі орнатылады. Бұл жұмыстардың қаржыландырылуын демеушілер қамтамасыз етеді.

Жаңа табиғи газонды күннің ыстығында суаруға болмайды. Сол үшін түнде жұмыс істейтін автоматтандырылған суару жүйесі қарастырылған. Мұндай технологиялар бұған дейін Алматы мен Қостанайда қолданылған. Біздің стадион жөнделіп, барлық қолайлы жағдайлар жасалады», — деді Мықтыбеков.

Айта кетейік, «Ордабасының» бас бапкері болып молдавалық маман Андрей Мартин тағайындалған еді.



Күн шежіресі