logo

Ермек Абдулла: Словакиядан келе сала біздер жаттығуларда бірден бұрыштамаларға дайындалдық

Ермек Абдулла: Словакиядан келе сала біздер жаттығуларда бірден бұрыштамаларға дайындалдық

«Тобылдың» қорғаушысы Ермек Абдулла Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында «Ружомберокпен» қарымта ойын туралы пікір бөлісті.

«Команданың көңіл-күй жақсы. Ұтамыз деген үмітпен алаңға шығамыз. Алаңда барымызды салып, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Бұрыштамалардан жіберілген голдар? Бұл жерде қателікті тек бір адам ғана жасаған жоқ, кінәлі барлығы. Негізі ойын тұрғысынан біздер жақсы ойнадық, тек сол бұрыштамалардан қателіктер кетті. Словакиядан келе сала біздер жаттығуларда бірден бұрыштамаларға дайындалдық. Соңғы бес күн бойы біз бұл компонентке жақсы көңіл бөлдік. Бас бапкер ойыннан кейін еңсемізді түсірмей, келесі ойынға дайындалуды сұрады», - деді Абдулла.