«Қайсар» қақпашы Салайдинмен келісімшартты ұзартты

Қызылорданың «Қайсар» клубы 29 жастағы қақпашы Нұрымжан Салайдинмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
«Жергілікті қақпашымыз Нұрымжан Салайдинмен келісімшарт ұзартылды. Оқу-жаттығу жиыны барысында Нұрымжан 5 матчқа қатысып, керемет сейвтерімен көзге түсті», – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.