logo

«Жеңіс» легионермен келісімшартты ұзартты

«Жеңіс» легионермен келісімшартты ұзартты

Елордалық «Жеңіс» 30 жастағы польшалық қорғаушы Кристиан Новакпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Кристиан кәсіби мансабын 2012 жылы Польшаның Жоғарғы лигасындағы «Видзев» клубында бастаған. Карьерасы барысында ол «Подбескидзе» (Польша), «Хартс» (Шотландия), «Паниониос» (Грекия), «Славен» (Хорватия), «Университатя Клуж» (Румыния) және Дублиннің «Богемиан» (Ирландия) командаларында өнер көрсетті.