Григорий Бабаян: Жақсы тұстар көп, бірақ керек формаға әлі жеткен жоқпыз

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян оқу-жаттығу жиынындағы БАӘ-нің «Галф Юнайтед» клубына қарсы өткен жолдастық матчты (4:1) қорытындылады, деп хабарлайды Sport+.
«Бұл – екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы кездесуіміз. Біз белгілі бір мақсаттарды көздедік, тактикалық өзгерістерге мән бердік. Көп нәрсе ойдағыдай жүзеге асты, әсіресе прессинг пен ұйымдастыру тұрғысынан жақсы ойнадық, қорғаныс блогында да сенімді өнер көрсеттік. Өтпелі кезеңдерге де уақыт бөлдік.
Айта кету керек, оң өзгерістер бар, бірақ әлі де оңтайлы формаға жеткен жоқпыз. Біз жүктемені азайтпай, дайындықты екі реткі жаттығу режимінде жалғастырып жатырмыз. Басты Жаксы мақсатымыз – чемпионаттың алғашқы матчтарына ең жоғары дайындықпен келу», – деді Бабаян.