logo

Криштиану Роналду ауыр дертке шалдыққан баланың арманын орындады

Криштиану Роналду ауыр дертке шалдыққан баланың арманын орындады

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду қатерлі ісікке шалдыққан Авар есімді баланың арманын орындады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

4 жастағы Авар Вецларда (Германия) тұрады. Оның отбасы баланың дертін емдету үшін 2023 жылы Сириядан Германияға қашып келген. Алайда Авардың қатерлі ісігі тым ұлғайып кетіпті. Авар футболды жақсы көреді және Роналдумен кездесуді армандаған.

Баланың арманы Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында орындалды. Авар мен оның әкесі Франкфурттағы (Германия) стадионда Роналдумен кездесті.

Португалиялық футболшы 4 жастағы жанкүйерімен суретке түсіп, оның кепкасына, футболкасына және добына қолтаңба қойып берді.

«Сіз менің ұлыма көмектесіп, оны қатты қуанттыңыз. Сізге және командаңызға сәттілік тілеймін. Көп рақмет», - деді Авардың әкесі.



Күн шежіресі