«Елімай» құрамын ресейлік шабуылшымен толықтырды
«Елімай» ресейлік шабуылшы Ислам Машуковпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Шабуылшы Ислам Машуков кәсіби мансабын 2013 жылы «Алания» футбол клубында бастады. 2015 жылы Грузияның қазіргі чемпионы «Дила» футбол клубына ауысып, оның құрамында УЕФА Чемиондар лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысты.
2021-2022 жылғы маусымда «Аланияның» үздік сұрмергені атанды. ФНЛ біріншілігінде 35 матч өткізіп, 14 гол соғып, командасымен бірге Ресей кубогінің жартылай финалына дейін жетті.