logo

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ-ға іріктеуді жеңіліспен аяқтады

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ-ға іріктеуді жеңіліспен аяқтады

Қазақстан әйелдер футзал құрамасы 2025 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өз тобының қарсыластарына есе жіберіп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

17-19 қазан күндері Астанада іріктеудің негізгі кезеңінің алтыншы тобының матчтары өтті. Бұл топқа Қазақстан, Польша және Нидерланд құрамалары кірген.

Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Нидерландтан 0:6 есебімен жеңілсе, екінші кездесуде Польшаға 0:7 есебімен ұтылды.

Топ жеңімпаздары элиталық раундқа жолдама алады. Алтыншы топта екі жеңіске қол жеткізген Нидерланд құрамасы көш бастап тұр.

Әйелдер футзалынан алғашқы әлем чемпионаты 2025 жылдың 21 қарашасы мен 7 желтоқсаны аралығында Филиппинде өтеді. Турнирге барлығы 16 команда қатысады, ал Еуропадан (УЕФА) 4 құрама іріктеледі.