logo

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Нидерландыға қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчын Нидерланды құрамасына қарсы өткізді.

Бұл кездесу Астанадағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өтті. Матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 0:6 есебімен жеңіліс тапты.

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы келесі кездесуін Астанадағы «Сайран Аренада» Польша құрамасына қарсы өткізеді. Матч 19 қазанда Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

Айта кетейік, 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Филиппинде 21 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді.