«Қайрат» клубы Темірлан Анарбековтың болашағы туралы пікір білдірді
Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» — «Брюгге» матчы алдында өткен баспасөз мәслихатында Алматы командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтың командадағы болашағы туралы пікір білдірді:
— Иә, әрине, ол командада қалады. Темірлан бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ. Ол — біздің негізгі қақпашымыз.