logo

Қазақстан құрамасы Африка кубогының қатысушысымен ойнауы мүмкін

Қазақстан құрамасы Африка кубогының қатысушысымен ойнауы мүмкін

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы жаңа халықаралық FIFA Series турнирінде Қазақстан құрамасы өнер көрсететін топтың құрамын бекітті.

Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыластары Намибия, Комор аралдары және Кувейт құрамалары болады. Матчтар 2026 жылғы 23–31 наурыз аралығында Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан ерлер ұлттық құрамалары арасында өтетін FIFA Series 2026 матчтарын қабылдауға сенім артылған алғашқы елдердің қатарына енді. Қазақстаннан бөлек, турнир матчтарын Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдайды. Ал әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы кездесулер Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

FIFA Series форматына сәйкес әр топта әртүрлі конфедерацияларды ұсынатын төрт құрама қатысады. Әр команда «төрттік финал» форматында екі жолдастық матч өткізеді. Бұл ұлттық құрамалардың күнтізбесіне қосымша жүктеме түсірмей, сапалы халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.



Күн шежіресі