logo

Қазақстандық төрешілер УЕФА Ұлттар лигасы матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Ұлттар лигасы матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер бригадасы Татьяна Сорокопудованың жетекшілігімен Әзірбайжан мен Черногория әйелдер құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы матчына тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас төреші: Татьяна Сорокопудова

Көмекшілері: Наргис Мағау, Динара Идрисова

Төртінші төреші: Эльвира Нурмустафина

Кездесу 21 ақпан күні сағат 16:00-де Баку қаласындағы «Далга Арена» стадионында өтеді.