Португалияның күміс жүлдесі үшін тартыс. «Спортинг» – «Жил Висенте» және «Эшторил» – «Бенфика» матчтарының тікелей эфирлері

Португалияның күміс жүлдесі үшін тартыс. «Спортинг» – «Жил Висенте» және «Эшторил» – «Бенфика» матчтарының тікелей эфирлері

Бүгін футболдан Португалия чемпионатының соңғы 34-туры өтеді. Чемпион атағының иесі анықталғанымен, күміс жүлде үшін күрес әлі жалғасуда.

Қазіргі таңда екінші орында «Спортинг» тұр. Олар Жозе Моуриньо жаттықтыратын «Бенфикадан» 2 ұпайға алда келеді.

Осылайша, дәл соңғы турда күміс жүлдені ғана емес, келесі маусымдағы Чемпиондар лигасының жолдамасын да қай команда иеленетіні шешіледі.

«Арыстандар» өз алаңында «Жил Висентені» қабылдайды, ал «Бенфика» сырт алаңда «Эшторилмен» кездеседі.

Қос матч та 00:30–да басталады.

Тікелей трансляция Sport+ арнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі