logo

Саня Жиенбаева Мадридтегі турнирдің финалына шықты

Саня Жиенбаева Мадридтегі турнирдің финалына шықты

18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 сериясының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

WTA рейтингінде 781-ші орынды иеленген Жиенбаева жарыстың жартылай финалында екі сетте Швейцария өкілі Дженни Дерстті 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық теннисші  Элис Гиллан (Ұлыбритания)Альба Рей Гарсия (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.



Күн шежіресі