logo

Поль Погба жақын арада «Коринтиансқа» ауысуы мүмкін

Поль Погба жақын арада «Коринтиансқа» ауысуы мүмкін

2018 жылғы әлем чемпионы және бұрынғы «Ювентус» ойыншысы Поль Погба бразилиялық «Коринтиансқа» ауысуға келісті, деп хабарлайды Sport+.

BolaVip мәліметінше, клуб қазір француз футболшысының жалақысын жабуға демеуші іздеуде.

Допингке байланысты дисквалификациясы 4 жылдан 18 айға қысқарғаннан кейін, ФИФА Погбаға қаңтардан бастап командамен жаттығуға, ал наурыздан бастап ресми матчтарға қатысуға рұқсат берді. Алайда, «Ювентус» 31 жастағы ойыншымен келісімшартты бұзды.

Айта кетсек, бұған дейін Погбаға «Марсель» қызығушылық танытқаны хабарланған. Жақында «Коринтианс» құрамына Мемфис Депай қосылған болатын.