logo

Италия кубогының төрт матчы Sport Plus Qazaqstan эфирінде

Италия кубогының төрт матчы Sport Plus Qazaqstan эфирінде

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Италия Кубогының екінші кезеңінде төрт матчты көрсетеді.

Бірінші трансляция 24 қыркүйекте өтеді, арна тікелей эфирде «Торино» — «Эмполи» матчын көрсетеді. Арнадан бөлек барлық матчтар sportplustv.kz сайтында қол жетімді болады.

Италия Кубогының эфирлік кестесі:

24 қыркүйек

00:00. «Торино» — «Эмполи»

25 қыркүйек

21:30. «Удинезе» — «Салернитана»

00:00. «Дженоа» — «Сампдория»

26 қыркүйек

00:00. «Наполи» — «Палермо»

Италия Кубогының қазіргі иегері финалда «Аталантаны» жеңген «Ювентус» болып табылады.



Күн шежіресі