logo

«Ювентус» - «Салернитана»: Италия Кубогының ойындары жалғасуда

«Ювентус» - «Салернитана»: Италия Кубогының ойындары жалғасуда

Италия Кубогында 1/8 ойындары жалғасуда. Өткен түні алдымен «Аталанта» мен «Сассуоло» өзара жарыстың 1/4 финалына деген кезекті жолдаманы сарапқа салды. Джан Пьеро Гасперини бастаған команда осал емес қарсыласты 3:1 есебімен жеңді.

Бұл ойында кезінде Қазақстан жастар құрамасына қарсы ойындарда жасындай жарқылдаған Шарль де Кетеларе дубль автора атанса, ресейлік легионер Алексей Миранчук кездесуге нүкте қойды. «Сассуоло» құрамында қарымта голды Болока соқты.

Кейін келесі жолдама үшін «Рома» мен «Кремонезе» ойнады. Италияның кішігірім «Кремонезесі» ойынның 77-минутына дейін 0:1 есебімен алда келе жатқан. Бұл голдың авторы - Франк Тсаджут деген жас шабуылшы. Бірақ екінші таймның соңына таман римдік клубтың көшбасшылары Пауло Дибала мен Ромелу Лукаку «Романы» жеңілістен аман сақтап қалды. Есеп – 2:1.

Қазіргі уақытта төрт жұптың ширек финалға өткен үшеуі белгілі болды. Келесі кезеңде «Болонья» - «Фиорентина», «Аталанта» - «Милан» командалары ойнайды. Ал «Рома» болса нығыз римдік дерби аясында «Лациомен» кездесуде бақ сынайды. Сонымен қатар ширек финалға «Фрозиноне» шықты, оның қарсыласы 4-ші қаңтардан 5-не қараған түні «Ювентус» пен «Салернитан»» арасындағы қақтығыста анықталады.