logo

Олжас Абраев Чемпиондар лигасының «Ювентус» — «Штутгарт» матчына тағайындалды

Олжас Абраев Чемпиондар лигасының «Ювентус» — «Штутгарт» матчына тағайындалды

Қазақстандық маман Олжас Абраев «Ювентус» (Италия) және «Штутгарт» (Германия) командалары арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші турының матчына делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч қазан 22-нен 23-не қараған түні сағат 00:00–де Турин қаласындағы Allianz Stadium стадионында өтеді.

Матчтың бас төрешісі болып норвегиялық төреші Эспен Эскас тағайындалды.

«Ювентус» алғашқы екі турда екі рет жеңіске жетіп, 6 ұпай жинады — итальяндық команда өз алаңында ПСВ-дан басым болып, сырт алаңда «Лейпцигті» жеңді. «Штутгарттың» активінде бір ғана ұпай бар, неміс клубы бірінші турда мадридтік «Реалдан» жеңіліп, кейін чехиялық «Спарта Прага» клубымен тең тарқасты.