logo

Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады

Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады

28-тамызда Франция астанасы Париж қаласында XVII жазғы паралимпиада ойындары басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады. 

Төрткүл дүние көз тіккен Париждегі додада Қазақстан туын паралимпиададан Азия ойындарының жүлдегері, (волейболды отырып ойнаудан) Қазақстанның он дүркін чемпионы Берік Ізмағанбеотв пен пара оқ атудан чемпион Севда Алиева алып шығады.

Биылғы додада ұлттық құрама пара жүру, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып волейбол ойнау, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдода бақ сынайды. 



Күн шежіресі