Өзбекстанның тумасы футболдан Германия ұлттық құрамасының сапында дебют жасады
Өзбекстанда дүниеге келген футболшы Вальдемар Антон Германия ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
23 наурызда футболдан Германия ұлттық құрамасы Францияға қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл матч 2:0 есебімен неміс футболшыларының пайдасына шешілді.
Германия құрамасы сапынан Флориан Виртц пен Кай Хавертц гол салды. Осы ойында «Штутгарт» клубының ойыншысы Вальдемар Антон Германия ұлттық құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты.
Ол матчтың 90-минутында Тони Кроосты алмастырды.