logo

«Ордабасы» Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысымен толықты

«Ордабасы» Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысымен толықты

Шымкенттік «Ордабасы» Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасур Яхшибоевтың қатарына қосқанын ресми жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Яхшибоев бұрын «Пахтакор», АГМК, «Энергетик БГУ», «Шахтер» (Солигорск), «Легия», «Шериф» және «Навбахор» командаларында ойнаған.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнау тәжірибесі бар.

Өзбекстан құрамасы үшін 10 матчта екі гол соққан.



Күн шежіресі