logo

Отандық бокста бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

Отандық бокста бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

Қазақстан бокс командаларында бірнеше маман аға бапкерлік қызметке жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Әйелдер арасындағы Қазақстан жастар құрамасында аға жаттықтырушы қызметіне Ахметов Жангелді Әлімжанұлы тағайындалды. Белгілі маман Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Тәжірибесі 25 жылды құрайтын бапкер Жетісу облысының әйелдер арасындағы аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Сонымен қатар, қыздар арасында жасөспірімдер құрамаларында да бапкерлер ауысты. Қазақстан жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі - Айдар Сайдалин. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері - Айбек Әбілдә.

Ерлер боксында Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы келді. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы 2011-2019 жылдары Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. 2019-2021 жылдары жастар құрамасының аға бапкері болды. 2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ал 2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып, 2021 жылғы дүниежүзілік додада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды әперді.

Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер құрамасында да бапкерлер өзгерді. Осылайша Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамасының жаңа бапкерлер алқасында: Қазақстан жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі - Бағдат Оңғарбеков, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері - Мақсат ОСПАНОВ, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы аға бапкерінің көмекшісі - Азамат Игибаев, Қазақстан кіші жасөспірімдер құрамасының бапкері - Жақсылық МОЛДАХАНОВ.



Күн шежіресі