logo

Бокстан Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы тағайындалды

Бокстан Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы тағайындалды

Қайрат Сәтжанов бокстан ерлер арасындағы Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қайрат Сәтжанов жаңа қызметінде Әділ Басығараевты алмастырды. Қайрат Тұрсынқанұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. 2013 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 5 қола еншілесе, 2015 жылғы дүниежүзілік додада 1 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген. 2019-2021 жылдары жастар құрамасының аға бапкері болды.

2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ал 2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері болып, 2021 жылғы дүниежүзілік додада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды әперді.