logo

«Ордабасыны» ұшырған «Петрокуб» Конференция Лигасының топтық кезеңіне қатысуды қамтамасыз етті

«Ордабасыны» ұшырған «Петрокуб» Конференция Лигасының топтық кезеңіне қатысуды қамтамасыз етті

Молдавиялық «Петрокуб» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында уэлсьтік «Нью-Сэйнтспен» 0:0 есебімен тең ойнап, плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осылайша, «Петрокуб» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты, онда олар «Лудогорецпен» кездеседі. Егер молдавиялық команда плей-оффта жеңілсе, олар Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

Еске сала кетейік, «Ордабасы» Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Петрокубқа» (0:1, 0:0) жеңілген болатын.



Күн шежіресі