logo

«Ордабасыдан» тағы бір легионер кетті

«Ордабасыдан» тағы бір легионер кетті

Гвинея-Бисау құрамасының шабуылшысы Жоржиньо «Ордабасыдан» «Торпедоға» ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жоржиньо өткен маусымның басында «Лудогорецтен» Қазақстанға көшіп, шымкенттіктерге клуб тарихындағы алғашқы чемпиондықты жеңіп алуға көмектесті. «Ордабасы» сапында барлық турнирлерде 19 кездесу өткізді.

«Торпедо» (Кутаиси) өткен маусымда Грузия чемпионатында қола жүлдегер атанды.