Реджинальдо Лопес: Ордабасы - мықты клуб
Шымкенттік «Ордабасының» құрамын толықтырған Реджинальдо Лопес жаңа клубқа ауысқаннан кейінге эмоцияларымен бөлісіп, өзінің мықты қасиеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- «Ордабасы» - өте мықты клуб, қазіргі чемпиондар. Осы маусымға үлкен үміт артамын, мен өзімді жақсы жағынан көрсете аламын деп сенемін. Мен шабуылдаушы футболшымын, өйткені менің мықты қасиетім - бұл шабуылға қосылу
Маусым алдындағы дайындықты жақсы өткізетінімізге сенімдімін. Менің ойымша, мен командаға тез бейімделемін және бәріне көмектесемін. Бізден күтетін үміт жоғары, «Ордабасы» - қазіргі чемпион, сондықтан қысым өте жоғары болады. Чемпион болу үшін біз чемпионатты жақсы бастауымыз керек, - деді 30-жасар легионер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram