«Қайрат» «Фенербахче» түлегімен қош айтысты
Алматылық «Қайрат» қорғаушы Микаэль Асқаровтың кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
21 жастағы қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Микаэль өткен маусымды «Екібастұз» сапында жалда өткізді. Қорғаушы 22 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.