Бернардо Матич «Ордабасыдан» кетті
Орталық қорғаушы Шымкент клубымен қош айтысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
29-жасар хорватиялық орталық қорғаушы қазақстандық ұжымнан кеткеннен кейін «Кишварда» ұжымымен келісімге келді. Матичтің жаңа командадағы келісімі 2024 жылдың жазына дейін жарамды.
«Ордабасы» 2023 жылдың басында келген ойыншы шымкеттік команда үшін барлығы 32 ойын өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.