«Ордабасы» хорватиялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Шымкенттің «Ордабасы» клубы 30 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы Дарио Чанаджиямен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Чанаджия мансабында хорватиялық «Риека», сондай-ақ италиялық «Специя», словениялық «Олимпия», румыниялық «Астра», норвегиялық «Олсун», босниялық «Зрински» және грекиялық «Кифиссия» клубтарында ойнаған.
Оның соңғы клубы Румынияның «Бузэу» командасы болды. Өткен маусымда Чанаджия Румыния Суперлигасында 15 матч өткізіп, 1 гол соқты.