logo

«Елімай» «Астана-Аренадағы» алғашқы жаттығуын өткізді

«Елімай» «Астана-Аренадағы» алғашқы жаттығуын өткізді

Семейдің «Елімай» клубы жаңа маусымдағы Премьер-лига басталар алдында «Астана-Аренада» алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін «Елімайдың» баспасөз қызметі Семейдегі стадионның дайын болмауына байланысты команданың Премьер-лигадағы алғашқы үй матчтарын «Астана-Аренада» өткізетінін мәлімдеген еді.

1-турда Андрей Карповичтің шәкірттері сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. Ал 2-турда семейліктер «Астана-Аренада» қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды.



Күн шежіресі